378,40 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда мектеп оқушысы жоғалып кетті

  • 193
  • UPD: 13:35, 21.01.2020
Нұр-Сұлтанда мектеп оқушысы жоғалып кетті

Нұр-Сұлтан қаласында 14 жастағы оқушы бірнеше күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2006 жылы туған Ержанов Нартай Досанұлының бұған дейін де үйiнен кетіп қалған кездері болған.

«18 қаңтар күні баланың анасы арызданып келдi. Қазiргi уақытта полиция қызметкерлері еріктілермен бiрге жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. Кәмелетке толмаған жасөспiрiмнiң бұрын бiрнеше рет үйiнен кеткендiгi анықталып отыр», – деп хабарлады қалалық Полиция департаменті. Оқушы 18 қаңтар күні үйінен шығып кеткен. Бойы 130-135 сантиметр аралығында. Қара түсті бас киім мен қыстық күрте киген.

Полиция қызметкерлері Нартайды көрген-білгендер болса, «102» пультіне немесе 87055508425, 87014926249 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Хабар 24 телеарнасы