380,91 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Белгісіз біреулер аурухананың көлік тұрағына тастап кеткен жаралы азамат көз жұмды

  • 145
  • UPD: 22:23, 21.01.2020
Белгісіз біреулер аурухананың көлік тұрағына тастап кеткен жаралы азамат көз жұмды inform.kz

Белгісіз біреулер көптеген дене жарақатын алған 40 жастағы ақтөбелік азаматты аурухананың жедел жәрдем көлігі тұрағына лақтырып кеткен.

Ер адам есін жимастан, көз жұмды. Аталған іс бойынша күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстың ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«15 қаңтарда аурухананың жедел жәрдем бөлімінде көптеген дене жарақатынан 40 жастағы Ақтөбе тұрғыны қайтыс болды. Оны аурухананың көлік тұрағына белгісіз біреулер жеткізген. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп түсініктеме берді Ақтөбе облысының ПД баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов.

Полицейлер осы іс бойынша үш күдіктіні ұстаған. Олар уақытша ұстау изоляторына жіберілді.

Хабар 24 телеарнасы