377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында жолда қалған 29 тәжік азаматы құтқарылды

  • 100
  • UPD: 16:19, 22.01.2020
Ақмола облысында жолда қалған 29 тәжік азаматы құтқарылды

Ақмола облысында жолда қалған Тәжікстан Республикасының 29 азаматы құтқарылды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, Бурабай ауданының аумағында Нұр-Сұлтан-Петропавл жолының бойында «Сетра» жолаушылар автобусы техникалық ақауларға байланысты істен шығып, тоқтауға мәжбүр болған. «Автобус Тәжікстаннан Ресейдің Сүргіт қаласына бағыт алған. Көлік ішінде барлығы 26 жолаушы мен 3 жүргізуші болды. Жолаушылардың барлығы Тәжікстан азаматтары, олардың төртеуі әйел де біреуі бала. Араларында зардап шеккендер жоқ. Автобуста болған жолаушылар екіге бөлініп, «Щучинск қаласындағы жоғары техникалық колледжінің №13 және жалпы типтегі мектеп инернатының жатақханаларына жайғастырылды. Ешқайсысына медициналық көмек қажет болған жоқ», деп мәлім етті Бурабай аудандық ТЖБ бастығы міндетін атқарушы Қанат Бабаев.

Хабар 24 телеарнасы