Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Алтай-Өскемен тас жолының 64-ші шақырымында қар көшкіні жүрген.
Салдарынан ол жердегі жол бөлігін жартылай қар басып қалды. Мамандардың айтуынша, жалпы 350 текше метр қар түскен. Қазір жол мекемесінің жұмысшылары мен арнайы техника жұмылдырылып, қардан тазарту жұмыстары істелуде. Айта кету керек, құтқарушылар бұған дейін өңірде қар көшкіні қаупі жоғары екендігін ескертіп, тұрғындарды сақ болуға шақырған.