379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда сот төрағасы жемқорлық күдігіне ілінді

  • 132
  • UPD: 14:15, 23.01.2020

Алматыдағы Бостандық ауданының сот төрағасы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ақпаратты қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті таратты. Әлеуметтік желілерде жүрген бұл бейнекөріністе судьядан шетелдік банкноттар тәркіленгені анық көрінеді. Күдікті бұл ақшаға тергеліп жатқан азаматтың шетелге шығуына рұқсат беруі тиіс болған. Департаменттің мәлімдеуінше, аудандық сот төрағасына қатысты тергеуді жалғастыру үшін Бас прокуратураның рұқсаты алынған.   

 

Хабар 24 телеарнасы