381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында мұнаралы кран құлап, бір адам қаза тапты

  • 123
  • UPD: 13:13, 23.01.2020
Ақмола облысында мұнаралы кран құлап, бір адам қаза тапты МИР 24

Ақмола облысы Степногорск қаласында өндірістік аумақта мұнаралы кран құлады. ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы жағдай 22 қаңтар күні болған.

Салдарынан 2 адам 16-17 метр биіктіктен құлап кетті.

1974 жылы туған ер адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Екінші жұмысшы,  32 жастағы дәнекерлеуші, сол жерде көз жұмды. Қазіргі таңда құзырлы орган өкілдері оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр.

Айта кетейік, сол күні желдің екпіні 8 м/c жеткен.

Хабар 24 телеарнасы