375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте полиция қызметкерін көлік қағып кетті

  • 213
  • UPD: 16:29, 23.01.2020

Шымкент қаласында мас күйінде көлік айдаған азамат полиция қызметкерін қағып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz

Жол-көлік апаты Т.Рысқұлов көшесінде болған. Алдымен Mitsubishi Galant және Audi-80 маркалы көліктері соқтығысқан.

Оқиға орнына жеткен жол сақшысы Mitsubishi Galant автокөлігінің жүргізушісінен құжаттарын көрсетуді өтінген. Алайда ол құжаттарын көрсетуден бас тартып, ізін суытпақ болған. 

Көліктің жүруін бөгеген полицейді қағып, оны 3 шақырымдай жерге дейін сүйреп кеткен.

Құқық бұзушы сол мезетте ұсталды.

Хабар 24 телеарнасы