377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Нұр-Сұлтан-Жезқазған» пойызының 4 вагоны рельстен шығып кетті

  • 223
  • UPD: 16:36, 24.01.2020
«Нұр-Сұлтан-Жезқазған» пойызының 4 вагоны рельстен шығып кетті

Ауа райының қолайсыздығынан жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиға Қарғандыдағы Қарабас станциясында болды. Елордадан Жезқазғанға жол тартқан пойызда 683 адам отырған. Қардың қалың түсуі мен боранның күшеюі салдарынан оның 4 вагоны сырғанап, рельстен шығып кетті. Абырой болғанда, жолаушылар дін аман. Қазір темір жол желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал адамдарды діттеген жеріне жеткізу үшін қосымша вагондар жіберілді.

Мұрат Мусин, «ҚТЖ» АҚ қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің бас менеджері:

– Оқыс оқиғаға ауа райының қолайсыздығы себеп болған. Жауған қардың салдарынан көру ұзақтығы тым жақын болды. Жөндеу жұмыстары кезінде өзге пойыздардың қозғалысы тоқтаған жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, соңғы Жезқазған стансасына пойыз 11:30-да жетеді.

Хабар 24 телеарнасы