412,55 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда әйел адамның аяғын пойыз сындырып өтті

  • 348
  • UPD: 11:32, 24.01.2020

Қарағандыда әйел адамның аяғын жүк тасымалдайтын пойыз басып кетіп, ауруханада дәрігерлер науқастың екі аяғын кесіп тастауға мәжбүр болған.

Қазір осыған орай қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән жайы анықталып жатыр. Жәбірленуші травматология клиникасының жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Жағдайы бірқалыпты.  

Эльмира Аманжолова, жәбірленушінің келіні:

- Осы маңда тұратын барлық тұрғын вагондардың астымен жиі жүреді. Мен әрқашан айналып өтемін. Дүкенге барып нан алу үшін қауіпті жолмен өтуге тура келеді.

Хабар 24 телеарнасы