430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда зейнеткерді соққыға жыққан жүргізушіге қатысты іс тоқтатылды

  • 384
  • UPD: 11:25, 24.01.2020

Қостанайда  зейнеткерді соққыға жыққан жол талғамайтын көлік жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Екі жақ бейбіт мәмілеге келді. Сот барысында айпталушы Виталий Ким кінәсін мойындады. Және  жәбірленушіге келтірген  шығынды толық өтеді. Естеріңізге салайық, өткен күзде 41 жастағы Виталий Ким 70-ке тақаған Анатолий Шевцовты ұрып соққан еді. Оның бәрі гараж кооперативінде орнатылған  бнйнекамера жазбасында анық көрінеді. Сол күні зейнеткердің туған күні болған. Айыпкер теріс қылығы үшін кешірім сұрап, жәбірленушіге 2 миллион тенге ақша берді. 

Сергей Кассиров, жәбірленушінің қорғаушысы:

- Бұл ақшаны жәбірленуші протез салуға және санаторлы-курорттық  емделуге жұмсайды. Ол жабық ми-бас сүйек жарақатын алған. Және мұрынына қатты зақым келген. Есту қабілетінде де кінарат бар. Сондықтан оған толық емдеу курсынан өту керек.

Алматы қаласы Райымбек даңғылы бойында жол апаты болды. Lada Granta, автокөлігінің жүргізушісі машинаны тізгіндей алмай, жолдан шығып кетті. Алдымен ағашқа, сосын бетон қабырғаға соғылған. Соның салдарынан көлік жүргізушісі мен қасындағы жолаушы қаза тапты.  

Шымкентте полиция қызметкерін қағып кеткен көлік, оны 3 шақырым жерге дейін сүйреп әкеткен. Қаладағы Рысқұлов пен Дулати көшелерінің қиылысында Mitsubishi Galant пен Audi 80 көліктері соқтығып қалды. 31 жастағы «Мицубисидің» жүргізушісі оқиға орнынан бой тасаламақ болған. Сол кезде жолды бөгеген полиция қызметкерін қағып құлатып сүйреген. Абырой болғанда тәртіп сақшысы аман қалды. Қазір бұзақы уақытша оқшаулау абақытысына қамалды. Ол есірткі пайдаланған болуы мүмкін деген болжам бар. 

Қалың жауған қардың салдарынан Ақтөбе-Орск бағытындағы күре жолда 40 көлік далада қалды. Боранда жолда қалған 100-ге тарта жолауышыны құтқарушылар таяу маңдағы ауылға апарып орналастырды. Сондай-ақ, Ақтөбе-Астрахан бағытындағы күре жолда да 70 автокөлік тұрып қалды деген хабарлама келіп түсті. Оларға көмекке төтенше ажғдайлар қызметінің арнайы техникалары мен 10 қызметкері аттанды. Қар құрсауынан шығарылған 25 автокөлік Қандыағашқа қарай бағыт алды. 

Ақмола облысы Степногорск қаласында өндірістік аумақта мұнаралы кран құлады. Салдарынан 2 адам 16-17 метр биіктіктен құлап кетті. 1974 жылы туған ер адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Екінші жұмысшы – 32 жастағы дәнекерлеуші, сол жерде көз жұмды. Қазіргі таңда құзырлы орган өкілдері оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы