426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында жолда қалған Түркия азаматтары құтқарылды

  • 420
  • UPD: 14:03, 24.01.2020
Ақмола облысында жолда қалған Түркия азаматтары құтқарылды

Ақмола облысында жолда қалған түркиялықтар құтқарылды. 8 жүргізуші мінген 5 жүк көлігі мен 1 жеңіл автокөлік Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті жолында боран салдарынан қар құрсауында қалып қойған.

Құтқарушылар оларды арнайы техникалардың көмегімен Ерейментауға жеткізіп, жылыту бекетіне жайғастырған. Жалпы, өткен тәулікте аймақта осылай жолда қалған 57 адамға көмек көрсетіліпті. Ал, 43 жолаушы уақытша тоқтау орындарына жеткізілсе, олардың үшеуі бала. Айта кетейік, Ақмола облысында соңғы бірнеше күн бойы ауа райы өте қолайсыз болып тұр. Боранның салдарынан барлық бағыттағы жолдар жиі жабылып жатыр. Ал синоптиктер боран мен көктайғақ алдағы күндері де болады дейді.

Алексей Советов, облыстық ТЖД бастығы:

- Осы сәтті пайдаланып, барлық тұрғындарға боранды күні жолға шықпау қажеттігін тағы бір рет ескерткім келеді. Себебі, бұл өте қауіпті. Баратын жерлеріңізге пойызбен баруға тырысыңыздар. Ақтүтек боранда сапар шегемін деп, өз өмірлеріңізді қатерге тікпеңіздер. Қазгидромет берген болжамдар қазір 95 процентке расталып отыр. Сондықтан барынша абай болыңыздар.

Хабар 24 телеарнасы