427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда жеке клиниканың арбауына түскен науқастар кредит қарыз болып қалды

  • 489
  • UPD: 15:54, 24.01.2020

Алматыда 300-дей науқас сырқатына ем іздеп келіп, тақырға отырып қалды. «Оскар Медикал» деп аталған жеке клиника науқастарға еліміздің екінші деңгейлі ірі банктері арқылы 300 мың теңге көлемінде  несие рәсімдетіп, артынша жабылып қалған. Алданған халық алмаған емі үшін қазір несие төлеп отыр. Алаяқтар болса әлі бостандықта жүр.

бет албатты  кредит төлеп жатырмын. Ай сайын. Міне, уже 8 ай болды төлеп жатқаныма.

Тілші:  Наразы халық жиналған мына ғимаратта осыдан 8 ай бұрын  «Оскар Медикал»деп аталған медициналық орталық болған. Бұл клиниканың мамандары тұрғындарға телефон шалып,  тегін диагностикадан өтуіңізге болады, деп шақырады. Оған сеніп келген науқасқа  ауруыңыз асқынып барады, тездетіп емделгеніңіз дұрыс, деп емнің құнын белгілейді. Қалтасы көтермейтіндерге кемінде 300 мың теңгенің көлемінде, дәл сол орталықтың ішінде отырған екінші дәрежелі банктердің өкілдері арқылы несие рәсімдеуге ұсыныс жасайды.  

Еркін Аманбаева, қала тұрғыны:

- Төбемде тұрды да қол қойғызды. Ол майда болған. Үшінші июньде келсем, уже жабылып қалған ғой. Бір күн лечение алған жоқпын.  Енді ай сайын айдалаға, кімге төлеп жатқаным белгісіз. 

Ал алмаған емі үшін несие төлемегендер, «қара тізімге» ілінген.  

Тағайбек Рысбаев, қала тұрғыны:

- Желтоқсан айынан бастап, барлық карточкаларымды блокировкаға қойып, қара тізімге енгізіп қойыпты. Мен кеше поезға отыра алмадым. Мен 1 тиын да төлеп жатқан жоқпын. Өйткені, бір күн емін алған жоқпын. Даже анализ өткізген жоқпын. Қалай мен төлеймін.  

Бір жарым жылдай жұмыс жасап, өткен жылдың маусымында жабылып қалған  медициналық орталыққа 300-дей адам алданған. Бұл тізім одан да көп болуы мүмкін. Себебі, ресейлік құрылтайшылардан құралған компания орталықта жұмыс жасаған дәрігерлерді  де тақырға отрғызған.  

Сауле Юсупахунова, дәрігер:

- Осы орталықта жұмыс жасаған 60-тан астам медицина қызметкерлері де алданып қалды. Бастапқыда, бізге айлықты уақытылы төлегенімен, кейін төлемей,  құр уәдемен уақыт созып келді. Бізге ескертпестен жабылып қалды.  Енді еңбек кітапшамызға да жете алмай жүрміз.

8 айдан бері сабылған халық құқық қорғау органдарына шағымданып, Денсаулық сақтау министрі мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа  хат жазған. Олар алаяқтардың бостандықта жүргеніне наразы.

Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:

-Бұл дерек бойынша, Бостандық аудандық ішкі істер басқармасында  қылмыстық кодекстің 190 бабының нормалары бойынша, қылмыстық іс қозғалды. Яғни алаяқ дерегі бойынша.Қазіргі таңда  қылмыстық іс жүргізу кодексімен көзделген тергеу амалдары жалғасу үстінде. Олардың нәтижесінде кінәлі адам міндетті түрде анықталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылып, осылайша жәбірленуші азаматтардың бұзылған конституциялық құқығы сақталады.

Ендігі мәселе, әлі күнге дейін бостандықта жүрген алаяқтар,  осындай құйтырқы іс әрекеттерімен тағы бір орталық ашып, өзгелерді алдап кетпесіне кім кепіл?

Авторлары: Алуа Маханбет, Кенже Амраев

Хабар 24 телеарнасы