378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау-Орал тас жолында екі көлік түйісті

  • 156
  • UPD: 16:00, 24.01.2020
Атырау-Орал тас жолында екі көлік түйісті

Жол-көлік оқиғасы Атырау-Орал тас жолының Махамбет ауданы Талдыкөл ауылы тұсында болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Лада-21214» маркалы автокөліктің отыз жастағы жүргізушісінің жағдайы ауыр. Ол Атырау облыстық ауруханасына жеткізілген. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде. 1968 жылы туған «Ларгус» көлігінің тізгіншісі, сондай-ақ төрт жолаушыға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне қайтарылды.

 

Хабар 24 телеарнасы