Төлеби ауданы Ақбастау селосындағы құс фабрикасынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖК сілтеме жасап.
«25 қаңтар күні сағат 07:00 өрт сөндіру қызметіне Ақбастау селосындағы «ШымкентҚұс» ЖШС» фабрикасынан өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түсті. Жалын сағат 08:05-де сөндірілді. 190 шаршы метр аумақ жанып жанып, 3 мың балапан қырылып қалған», - делінген хабарламада.