435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында ірі күн электр станциясы тоналды

  • 218
  • UPD: 11:30, 25.01.2020
Жамбыл облысында ірі күн электр станциясы тоналды

Жамбыл облысында кабель тонағандар ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Жуалы ауданындағы күн электр станциясына тиесілі құны 63 миллионға жуық теңгенің материалын ұрлап кеткен. Жедел іздестіру кезінде 4 адам күдікке ілінді. Олар Тараз қаласы мен Тұрар Рысқұлов, Жамбыл аудандарының тұрғындары болып шықты. Полицейлердің айтуынша, күдіктілер бұған дейін осы нысанда күзет қызметінде жұмыс істеген көрінеді. Барлық мән-жайды толықтай біліп, жоспарлы түрде әрекет еткен. Контейнердің есігін бұзып, ішіндегі 102 дана электр сымдарын қолды қылды. Ұрыларды ұстау үшін тәртіп сақшылары екі ай бойы із кесіпті. Құнды затты қайда және кімге сатқандығы тергеу құпиясына байланысты жарияланбай отыр.

Бекжан Әмір, Жуалы аудандық полиция бөлімінің тергеушісі:

- Алдын ала сөз байласып, контейнердің қай жерде орналасқандығын, бейнебақылау камераларының қай жерде тұрғанын бәрін білген себепті түнгі уақытта орын алған қылмыс. Автокөліктерін алдын ала дайындаған. Бір-бірін таниды. Ағымдағы жылдың ақпан айында қылмыстық іс сотқа жолданады деп жоспарланып отыр. Әрі қарай олар міндетті түрде жазасын алады.

 

Хабар 24 телеарнасы