419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында тілшілер мінген шағын автобус апатқа ұшырады

  • 828
  • UPD: 17:18, 27.01.2020

Осы Ақтөбе облысында шағын автобус аударылып, үш жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейін анықталғандай, көлік ішінде бірқатар республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болған. Журналистер өңір орталығынан 400 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан Ырғыз ауданы әкімінің есебінен хабар таратуға бара жатқан. Алайда діттеген жерлеріне жете алмады. Көрші Әйтеке би ауданының Ұлғайсын елді мекені маңында мінген көліктері аударылып қалды. Нәтижесінде, шағын автобустың жүргізушісі мен екі тілші түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Салон ішінде барлығы 8 жолаушы болыпты. Куәгерлердің айтуынша, ақпарат құралдары өкілдері бар көлік жоғары жылдамдықпен жүрген.    

Ерболат Сарқұлов, полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

– «Тайота Хайс» автокөлігінің жүргізушісі Қарабұтақ елді мекенінен Ырғыз ауылына бара жатқан жолда автокөлігін жолдың оң жақ бетіне аударып алған. Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасының себептері анықталуда. Оқиға нәтижесінде, автокөліктің жүргізушісі және екі жолаушысы медициналық мекемелерге жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы