379,71 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екібастұзда жануарларға арналған орталық өртенді

  • 121
  • UPD: 10:18, 27.01.2020
Екібастұзда жануарларға арналған орталық өртенді

Өртке қатысты тағы бір оқыс оқиға Екібастұз қаласында болды. Қаладағы жануарларға қамқорлық көрсететін орталықтың ғимараты отқа оранды. 

Қою түтінге орталықтағы оншақты мысық пен бірнеше ит тұншығып, оларға беретін 200 келі жем жанып кетті. Облыстық төтенше жағдайлар департамнеті қызметкерлері жалпы  өрт ғимараттың 50 шаршы метрін шарпығанын хабарлады. Өрттің шығуына газбен жылытылатын қондырғы  себеп болуы мүмкін деген болжам бар. Оқыс оқиға қатысты өрт қауіпсіздігі сақталмағаны туралы әкімшілік хаттама толтырылды. Ал жан-жануарларға басқа орталық ашу үшін қоғам белсенділері жылу жыйнап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы