375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда жолда қалған 150 адам құтқарылды

  • 102
  • UPD: 14:08, 27.01.2020
Петропавлда жолда қалған 150 адам құтқарылды

Солтүстік Қазақстан облысында 150 жолаушы қар құрсауынан құтқарылды. Өңірде ауа-райы күрт бұзылып, ақтүтек боран көтерілді.

Осыған байланысты барлық бағыттағы жолдар жабылып, көлік қозғалысына шектеу қойылды. «Соған қарамастан жолға шығып, батып қалғандар көп болды дейді мамандар. Мысалы, Ғабит Мүсірепов ауданында 10 бірдей көлік кептеліп қалған. Оның біреуі автобус. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің айтуынша, бүгін тағы боран соғады. Қазір жолдарда қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Ерік Сарыбаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Алдағы 1-2 метр жерден көрінбейтіндей боран болды. Осыған байланысты 20 км жердегі қалып қойған техникадағы адамдарды құтқарудың өзіне 3-4 сағат біздің құтқарушылар жүріп барып отырды. Жоғары өтімді техниканың өзімен сондай жағдайлар болды.  Сонымен қатар бір техниканың тоқтаған жағдайда тез арада қардың бірден үйіліп, боранның салдарынан машинаны көміп тастаған жағдайлар болды.

Хабар 24 телеарнасы