424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында 200-ден астам қой мен ешкіні қасқыр қырып кетті

  • 991
  • UPD: 19:56, 27.01.2020
Жамбыл облысында 200-ден астам қой мен ешкіні қасқыр қырып кетті

Жамбыл өңірінде қорадағы малға қасқыр шапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы бір қожалықтың 200-ден астам қой мен ешкісін қырып кеткен. Оқиға Талас ауданы Қызыләуіт ауылы маңындағы болған. Кадрлардан бірнеше адамның қора ішінде малдың терісін сыпырып жатқанын көруге болады. Бір емес, он емес, бақандай жарты отар қой. Малдың иелері таланған қойлардың жартысын сойып үлгерген, арам қатқандарын өртеп жіберіпті. Келген шығын әлі есептеліп жатыр. Қазір төңіректегі ауыл тұрғындары шығынға батқан шаруаға «жылу» жинауды бастап кеткен көрінеді.

Хабар 24 телеарнасы