376,49 406 5,86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда қар тазалайтын көлік жүргізушісі адамның мәйітін тауып алды

  • 174
Қарағандыда қар тазалайтын көлік жүргізушісі адамның мәйітін тауып алды blogspot.com

Қарағанды қаласынан «Сарыарқа» әуежайына баратын жолда 65-жасар ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

28 қаңтарда таңертең әуежайдан Қарағандыға баратын жолда 65 жастағы ер адам көз жұмды. Бұл туралы полицияға және жедел жәрдем қызметіне қар тазалайтын көліктің жүргізушісі хабарлаған.

«Оқиға туралы хабарлама бізге сағат 10:45-те қар жинайтын техника жүргізушісінен келіп түсті. Жолда қар құрсауында тұрып қалған Hyundai автокөлігінің 65 жасар жүргізушісі темір тұлпарын қардан алып шыққан соң көлігінен шығып, оқиға орнында көз жұмған. Ол машинадан шыққан бетте өзін нашар сезініп, сол жерде ес-түссіз құлап түскен. Азаматтың өлімінің себебін сарапшылар анықтайды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы