429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында үш азамат мешітте ажал құшты

  • 1098
  • UPD: 20:12, 29.01.2020
Қарағанды облысында үш азамат мешітте ажал құшты

Қарағанды облысының Ақтоғай селосындағы орталық мешіт ішінде үш бірдей азамат иіс тиіп, қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Марқұмдардың жасы 20-дан енді ғана асқан. Бірі, сонда от жағушы болып жұмыс істейтін Жасқайрат Амангелдин, ал қалған екеуі ауыл тұрғыны Ерболат Әбдікәрім мен Қайыржан Иса. Жігіттер 28 қаңтар күні түс ауа Алла үйіне келген. Боран салдарынан жарық сөніп қалып, жылыту пешін дизельді генератор арқылы іске қосқан. Артынша олардың сұлық жатқан денелерін мешіт жамағатының бірі көріп, хабарлаған. Ауруханаға жеткізілгенімен, жігіттер есін жимады.

Ерік Шонбаев, ахуалдық орталық меңгерушісі:

– Мешітте сұлық жатқан үшеуін өз көлігімен ауруханаға жеткізген жергілікті азаматтың айтуынша, жігіттер уланып қалған. Ауруханаға әкелгенде олардан биологиялық өлім белгілері байқалған. Сондықтан ешқандай медициналық көмек көрсетілмеді. Нақты себебін сот-медициналық сараптама нәтижесі анықтайды.

 

Хабар 24 телеарнасы