423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тау арқарын атқан браконьер ұсталды

  • 403
  • UPD: 10:27, 30.01.2020
Тау арқарын атқан браконьер ұсталды

Мойынқұмда тау арқарын атқан браконьер ұсталды, деп хабарлады polisia.kz.

«Жамбыл облысы ІІД Жергілікті полиция басқармасының Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері Мойынқұм аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесіп қызыл кітапқа енген жануар – арқарды атқан Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылының 51 жастағы тұрғынын ұстады», - делінген хабарламада.

Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы (заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Хабар 24 телеарнасы