381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында бір отбасы газдан уланып қалды

  • 152
  • UPD: 14:53, 30.01.2020
Павлодар облысында бір отбасы газдан уланып қалды

Газдан уланған 6 адамның екеуі аудандық емханаға жатқызылды, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

«Отбасы тұратын үйде электр желісі үзіліп қалған. Ал пештерінің жұмыс жасауы үшін тоқ керек. Сол себепті дизельді генераторынан шыққан газдан уланған», - деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Павлодар облысының ТЖД басшысының орынбасары Алексей Двинянин

Май ауданы орталық ауруханасының бас дәрігері Байболат Қазыбекұлы газдан уланғандардың жағдайын айтты.

«Абай ауылындағы отбасының газдан улануы салдарынан 6 адам ауруханаға жеткізілді. Оларға алғашқы көмек көрсетілді. Алты адамның екеуі – бала. Екі әйел адам өздерін жайсыз сезінгендіктен ауруханаға жатқызылды. Қазір жағдайлары жақсы. Алдағы күндері бақылаудан кейін үйлеріне қайтады», - деді Байболат Қазыбекұлы.

Хабар 24 телеарнасы