420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда студент қыз колледж ғимаратының үшінші қабатынан құлап көз жұмды

  • 480
  • UPD: 20:03, 31.01.2020
Талдықорғанда студент қыз колледж ғимаратының үшінші қабатынан құлап көз жұмды

Талдықорғандағы техникалық колледждің ғимаратынан 17 жастағы студент қыз құлап кетті.

Аса ауыр жарақат алған жасөспірім жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсіп, аман алып қала алмады. Қайғылы оқиға сабақ кезінде үшінші қабаттағы тарих пәні сыныбында болған. Облыстық полиция департаментінің мамандары аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғады. 

Тоғжан Жанатбек, облыстық ПД ресми өкілі:

- Дерек Талдықорған полиция басқармасында тіркелген. Тергеу ҚР қылмыстық кодексінің 105-бабына сәйкес жүргізіліп жатыр. Қазір куәгерлерден түсінік алынуда. Аталған дерек бойынша мән жайлан тергеу барысында анықталады.

Хабар 24 телеарнасы