431,03 474,00 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде жылу құбыры жарылды

  • 219
  • UPD: 21:03, 31.01.2020
Семейде жылу құбыры жарылды

Семейде жылу құбырларының бірі жарылып, бірнеше үй жылусыз қалды. Апат орнына шұғыл жеткен коммуналдық қызмет мамандары жөндеу жұмыстарына кірісіп кетті.

Оған 5 арнайы техника және 11 адам жұмылдырылды. Кешке таяу жұмыс аяқталып, тұрғын үйлерге жылу беріле бастаған. Алайда оқиғаның мән-жайын білместен кейбір тұрғындар жұртты дүрліктіріп, әлеуметтік желілерге бейнебаян түсіріп үлгерген. Онда апат салдарынан бірнеше көлік зардап шеккені айтылған. Қазір бұл ақпаратты кім жібергені анықталып жатыр. 

 Ернар Жалелов, қалалық ТЖБ басшысының уақытша міндетін атқарушы:

- Бұл ақпарат толығымен фейк болып шықты. Бейнеде айтылғандар расталмады. Жылу жүйесінде апат болған. 159 миллиметрлік құбыр жарылып, ыстық судың буы қатты аязда қорқынышты болып көрінуі мүмкін. Жер опырылып шұңқырға бірнеше көлік түсіп кетті деген ақпарат жалған болып шықты, адамдар да, көліктер де аман.

Хабар 24 телеарнасы