422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейден Қазақстанға шапқан бір топ қасқыр туралы ақпарат жалған болып шықты

  • 927
  • UPD: 22:11, 31.01.2020

Ресей жақтан Қазақстан шекарасына қарай қарақұрым боп қасқырлар қаптап келе жатыр. Балаларды бейсауат көшеге жібермеңдер, мал-жанға  мұқият болыңдар!

Осы мазмұндағы аудиожазба мен тікұшақтан түсірілген бейнекөрініс соңғы күндері уотсап мессенджері арқылы кеңінен тарап, тіпті әлеуметтік желіде де жарияланған болатын. Аталған жазбаның жалған екенін алғашқы болып батысқазақстандық жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары анықтады. Көрші елдегі әріптестеріне сұрау салған табиғат қорғаушылар бейнежазбадағы жануарлар бұғы деп отыр. 

Райымбек Шампаев, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы:

- 200-300 бастай қасқыр көшіп келе жатыр деген видео мен жалған ақпарат тарап кеткен болатын. Бүгін көршілес Ресей Федерациясындағы әріптестермен сөйлесіп, аталған видеодағы жануарлар қасқыр емес, солтүстік бұғысы екені және ол бұғылар Новосібір облысы Татар ауданындағы тоғайда түсірілген видео екені анықталды.

Хабар 24 телеарнасы