420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда өрт орнынан жасөспірімнің денесі табылды

  • 304
  • UPD: 16:41, 01.02.2020
Оралда өрт орнынан жасөспірімнің денесі табылды inform.kz

Оралда өрт орнынан жасөспірімнің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаменті зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиевтің айтуынша, оқиға бүгін сағат 11.31-де Ташкент көшесіндегі жеке тұрғын үйде болды.

Верандада газдың шығып кетуі салдарынан өрт болған. Ішінара моншаның да төбесі жанған.

Өрт аумағы 25 шаршы метрді қамтыды.

«Тілсіз жау» өрт сөндірушілердің күшімен (18 адам, 7 техника) сағат 12.57-де ауыздықталды.

Алдын ала мәлімет бойынша өрт газ жабдығын пайдалануда қауіпсіздікті сақтамаудан шыққан.

Өрт орнынан жасөспірімнің денесі табылды.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, марқұм 15 жаста болған.

 

Хабар 24 телеарнасы