423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да өзен бойында ойнап жүрген балаларды қар көшкіні басып қалды

  • 684
  • UPD: 17:59, 03.02.2020
ШҚО-да өзен бойында ойнап жүрген балаларды қар көшкіні басып қалды

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданындағы өзен бойында ойнап жүрген 4 баланың екеуін жарқабақтан құлаған қар көшкіні басып қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның астында қалған 16 жастағы жасөспірімнің бірін достары құтқарып үлгерген. Ал енді бірін таппаған соң құтқарушыларды көмекке шақырған. Іздестіру жұмыстарына жедел құтқару отряды мен полиция қызметкерлері, жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Баланың денесін құтқарушы иттің көмегімен тапты. Өкінішке қарай, қалыңдығы 3 метр қар астында қалған жеткіншек жан тапсырыпты. Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға қазіргі маусымда аса сақ болуды ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы