419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында мейрамханада жарылыс болып, бір адам көз жұмды

  • 459
  • UPD: 17:45, 03.02.2020
Қарағанды облысында мейрамханада жарылыс болып, бір адам көз жұмды

Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында мейрамханада газ баллоны жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, бүгін сағат 15.50-де Сәтбаев қаласындағы «Әлия» мейрамханасында газ баллоны жарылып, өрт шыққандығы туралы ақпарат түскен. Оқиға салдарынан 52 жастағы әйел көз жұмып, 31 жастағы тағы бір әйелді күйік шалған. «10 шаршы метр аумақта ас үй жиһазы мен ас үй жабдықтары өртенген. Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 15.53-те сөндірілді. Оқиғаның алдын ала себебі – тұрмыстық газ құралын пайдалану барысында өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамау», – деді ведомстводан.

 

 

Хабар 24 телеарнасы