423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында полицей суға кеткен баланы құтқарды

  • 619
  • UPD: 22:43, 03.02.2020
Түркістан облысында полицей суға кеткен баланы құтқарды

Түркістан облысының Жетісай ауданында полиция қызметкері суға кеткен 12 жастағы баланы құтқарып қалды.

Оқиға кеше кешкісін сағат 17:00 шамасында болған. Тәртіп сақшылары полиция бөліміне жасөспірім баланың суға ағып бара жатқаны жөнінде хабарлама түскен бетте жедел аттанған. Аудандық полиция бөлімінің анықтаушысы, полиция капитаны Марат Нұрымбетов бірден суға сүңгиді. Сөйтіп ағысы қатты өзеннен баланы аман-есен жағаға алып шыққан.

«Бар ойым баланы аман алып қалу болды. Каналдағы су көтеріліп, арнасы толып жатқан болатын. Баланың алдынан шығып, ұстап қалу үшін, барымды салдым. Бастысы бала аман!», - дейді батыр полицей.

Хабар 24 телеарнасы