431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да жүк көліктері соқтығысты

  • 229
  • UPD: 22:31, 03.02.2020
СҚО-да жүк көліктері соқтығысты

Солтүстік Қазақстан облысында жүк көліктері соқтығысып, бір адам ауруханаға түсті.

Дәрігерлердің айтуынша, науқас ауыр дене жарақатын алған. Оқиға қалаға жақын Бескөл ауылында болған. Төтенше жағдайлар қызметкерлеріне көліктің ішінде қысылып қалған 53 жастағы жүргізушіні шығару үшін кабинаны кесуге тура келді.  

Бахтияр Есімов, Қызылжар аудандық ПБ басшысының орынбасары:

- Жүргізуші шамамен сағатына 60 шақырым жолдамдықпен келе жатқан. Көлік тоқтамай соғылған. Оның бәрі сарапатамада анықталады.

Хабар 24 телеарнасы