375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында шіркеуден ақша мен күміс ұрланды

  • 133
  • UPD: 09:47, 04.02.2020
Ақмола облысында шіркеуден ақша мен күміс ұрланды

Ақмола полицейлері шіркеуден ақша мен күміс бұйымдардың ұрлану фактісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Аймақтық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 қаңтар күні Сандықтау аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Шаңтөбе ауылындағы Пантелеимон шіркеуінің дін қызметшісінен шағым түскен. Оның айтуынша, белгісіз адамдар шіркеудің терезе жақтауын сындырып, ақша мен күміс бұйымдар сақталған сейфті ұрлап кеткен. Жалпы шығын көлемі 700 мың теңге. «Полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, екі күдіктіні ұстады. Олар: 29 және 30 жастағы жергілікті тұрғындар. Тінту барысында ауыл адамдарынан ұрланған бұйымдар мен ақшаның жартысы табылды», – деді полициядағылар.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 188 бап, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша қамау изоляторына қамалды.

Хабар 24 телеарнасы