427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте балабақшада төрт бүлдіршін мен тәрбиеші газ иісіне уланып қалды

  • 693
  • UPD: 13:08, 04.02.2020
Шымкентте балабақшада төрт бүлдіршін мен тәрбиеші газ иісіне уланып қалды

Шымкенттегі Абай ауданына қарасты Қазығұрт шағын ауданындағы «Қаршыға» балабақшасында 4 бала мен 1 тәрбиеші улы газбен уланған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Иіс тигендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, олар токсикологиялық ауруханаға жеткізілген. Барлығының жағдайы орташа дейді дәрігерлер.

Нұрбек Байбосын, тілші:

– Оқиға бүгін 4 ақпанда орын алған. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті растап, ақпарат таратты. Дәл қазір біз сол бөбекжай балабақшаның алдында тұрмыз. Мән-жайды білмекке келгенбіз. Бірақ бізге есікті ішінен ешкім ашпады. Бір қарағанда балабақша жұмыс жасап тұрған секілді. Төтенше жағдай мамандарының мәліметінше, «Қаршыға» жекеменшік балабақшасында 2018 жылы туылған 4 бала және 1993 жылғы тәрбиеші улы газбен уланған.Оларға көмек көрсетілген. Ауруханаға жеткізілген. Соңғы мәліметке сүйенсек, қазіргі 3 бала медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханадан шығарылған. Ал тәрбиеші мен бір бала әлі де таксикологиялық ауруханада. Жылыту маусымы басталғаннан бері өрт қауіпсіздігі талаптарды бұзу салдарынан тұрмыстық газ құралдарын пайдалану кезінде 6 улану оқиғасы тіркеліпті.

Хабар 24 телеарнасы