439,01 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында автобус аударылып қалды

  • 182
  • UPD: 17:16, 04.02.2020
Ақтөбе облысында автобус аударылып қалды

4 ақпанда сағат 14:00 шамасында Самара – Шымкент тас жолында Хромтау қаласынан 5 шақырым жерде автобус аударылып қалды, деп хабарлады Polisia.kz.

Оқиғаға жолдың тайғақтығы себеп болған.

Автобус күзет агенттігінің қызметкерлерін тасымалдаған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті көлік жүргізушілерге жолда сақ болуды ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы