423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО тұрғыны киік мүйізімен ұсталды

  • 502
  • UPD: 10:53, 05.02.2020
БҚО тұрғыны киік мүйізімен ұсталды

«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК мәліметіне қарағанда, оқиға 3 ақпан күні Жәнібек ауданы аумағында болған.

Аталған мекеме инспекторлары сағат 00.05 шамасында Күйгенкөл ауылдық округі Құрсай елді мекенінде атпен жүрген азаматты қолға түсірді. Оның спорттық қызыл-қара түсті сөмкесінен 12 дана киік мүйізі табылды. Оқиға орнына Жәнібек ауданы полиция бөлімінің жедел тергеу тобы шақырылды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 339-бабы 1-бөлігіне сәйкес (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Дерек көз: Қазақпарат

 

Хабар 24 телеарнасы