448,38 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында жел мектептің шатырын ұшырды

  • 308
  • UPD: 18:25, 09.02.2020
Түркістан облысында жел мектептің шатырын ұшырды

Түркістан облысының Жыланбұзған ауылында мектептің шатырын жел ұшырып әкетті, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Түркістан облысының Төле би ауданына қарасты Жыланбұзған ауылында секундына 26 метр жылдамдықпен жел соғып, Жыланбұзған орта мектебінің 3 қабатты ғимаратының шатыры құлады. Жалпы көлемі 1 мың шаршы метрден асады. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері мен комиссия жұмыс істеп жатыр» делінген ҚР Ішкі істер министрлігінің Telegram парақшасында жарияланған ақпаратта.

Хабар 24 телеарнасы