447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Төрт облыста электр жарығы сөніп қалды

  • 248
  • UPD: 23:46, 09.02.2020
Төрт облыста электр жарығы сөніп қалды

Қазақстанның төрт облысында тұрғындар жарықсыз қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«KEGOC АҚ ұлттық операторының 500 кВ желілерінде өшірілуіне байланысты төрт облыста - Алматы, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарында электр энергиясын беруге шектеу қойылды», - деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің ресми өкілі Серікжан Ерментаев.

Ерментаевтың айтуынша, қазіргі уақытта бұл шектеулер алып тасталды. Абоненттерді қайта қосу жұмыстары жүріп жатыр.

Мамандар қазіргі уақытта ақаудың себебін анықтап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы