378,40 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда ауруханадан шығарылған шақалақ шетінеді

  • 97
  • UPD: 15:46, 11.02.2020

Ақтаудағы көп бейінді балалар ауруханасында 30 күн жатып, үйіне шығарылған шақалақ шетінеп кетті. Талғат есімді сәби былтыр дүниеге келген еді.

Мерзімінен бұрын туылу себепті перзентхана қызметкерлерінің бақылауында болды. 7 ақпан күні ата-анасы қолхат жазып, перзентін үйіне алып кетеді. Өкінішке орай, екі тәуліктен соң ер бала көз жұмды. Ақ халаттылар оған жеңіл түрдегі өкпе фиброзы диагнозын қойған. Айта кетейік, сәбиге перзентханада мұрнына операция жасалған еді. Ол кезде жақындары өз ісіне салғырт қараған деп дәрігерлерді айыптады. Қалалық сотқа арыз жазып, 10 млн теңге талап етті. Судья мәселені зерттей келе перзентхана басшылығын бір млн теңге төлеуге міндеттеді.   

Нұрбол Оқуов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Бекназар Талғат деген сәби туған кезде салмағы 940 грамм болды. Яғни айы-күні толық емес, 26-апта. Маңғыстау облыстық көп бейінді емханадасында стационарлық ем алды. Үстіміздегі жылдың 8-ші қаңтарынан 7 ақпанына дейін. Яғни тура 30 күн ем алды. Телемедицина арқылы тәжірибесі жоғары мамандармен тілдесіп, тиісті ем-дом жасалған еді. Бірақ, өкінішке қарай осындай жағдай орын алды.

Хабар 24 телеарнасы