411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында жеке үйде өрт шығып, үш адам қаза тапты

  • 336
  • UPD: 15:18, 12.02.2020
Ақмола облысында жеке үйде өрт шығып, үш адам қаза тапты

Ақмола облысында жеке үйлердің бірінен өрт шығып, 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға өткен түні Атбасар ауданының Покровка ауылында болған. Кешкі сағат 21:54 шамасында өрт сөндіру бөліміне, елді мекеннің шеткері аумағында орналасқан үйлердің бірі өртеніп жатқаны жайлы хабар келген. Құтқарушылар жарты сағатта жеткенімен, баспананың толық жанып кеткенін көреді. Ал қызыл жалынды сөндіру барысында үйдің ішінен 3 бірдей мәйіт табылған. Олар, 1973 жылы туған үй иесі мен оның 1978 жылы туған жұбайы және 4 жасар баласы екені анықталды. Ал тілсіз жаудың неден пайда болғаны әзірге нақты белгісіз. Тек бір белгілісі, үйдің үлкендері маскүнем ретінде тіркеуде тұрған. Айта кетейік, жыл басынан бері облыста 94 өрт дерегі тіркеліп, оларда 6 адам көз жұмған болатын.

Қанат Доспаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

– Қазіргі уақытта өрт-техникалық зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Атбасар аудандық полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалды. Біздің қызметкерлер аталған отбасыға өткен жылдың соңында екі рет барып, алдын алу жұмыстарын жүргізген болатын. Ол кезде пештің жағдайына қанағаттанарлық деген баға берілген.

Хабар 24 телеарнасы