375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қордайдағы оқиға: зорлық-зомбылыққа шақыру ісі бойынша тергеу басталды

  • 129
  • UPD: 17:22, 12.02.2020
Қордайдағы оқиға: зорлық-зомбылыққа шақыру ісі бойынша тергеу басталды

Қордай қақтығысына қатысты жалған ақпарат таратқан үш азаматтың жеке тұлғасы анықталды. Бұл туралы Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаевтың ведомствоның ресми сайтында жарияланған мәлімдемесінен белгілі болды.

Атап айтсақ, 30 және 33 жастағы Алматының екі тұрғыны фэйсбук желісінде зорлық-зомбылық жасауға үндеген. Сондай-ақ 37 жастағы Тараз қаласының тұрғыны осы сынды үндеуді WhatsApp мессенджері арқылы таратқан көрінеді. Істің насырға шабуына ықпал жасағаны үшін бұл азаматтардың үстінен Қылмыстық Кодекстің 272-бабының 3-бөлігі, яғни азаматтарды зорлық-зомбылыққа шақыру ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бас прокуратура қазақстандықтарды жағдайды ушықтыруды көздейтін ақпаратқа сенбеуге және осы сынды мәлімдемелерді таратпауға шақырады.

Хабар 24 телеарнасы