425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Масанчиде қираған үйінділер астынан бір адамның мүрдесі табылды

  • 539
  • UPD: 14:17, 13.02.2020
Масанчиде қираған үйінділер астынан бір адамның мүрдесі табылды turkystan.kz

Қордай ауданындағы Масанчи ауылында қираған үйінділер астынан адамның мүрдесі табылды.

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Қанат Құлшыманов Facebook парақшасында жазды.

«2020 жылдың 11 ақпанында сағат 12:07-де Жамбыл облыстық Полиция департаментінің кезекші бөліміне Қордай ауданының Масанчи ауылындағы өрттен кейін шатыры құлаған сауда орталығы ғимаратын тазарту кезінде қираған үйінділердің астынан адамның күйген мүрдесі табылды», - деп жазды Қ.Құлшыманов.

Айтуынша, мәйіттің жеке басын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта жедел іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы