427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда қандала уынан тағы да бір отбасы уланды

  • 561
  • UPD: 16:11, 13.02.2020
Ақтауда қандала уынан тағы да бір отбасы уланды

Ақтау қаласы 4 ш/а 57 үйдің тұрғыны көршісінің кесірінен екі қызымен ауруханаға түсіп қалды, деп хабарлады Қазақпарат.

Жедел жәрдем бригадасы 42 жастағы әйелге және 15 пен 10 жасар екі қызына химиялық заттармен уланған деген диагноз қойған. Шұғыл түрде анасы облыстық ауруханаға, ал қыздарды көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Әйел адамға тиісті медициналық көмек көрсетілген соң, үйіне жіберілген. Алайда екі қызын ауруханаға жатқызуға тура келді.

«Кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында қыздарға барлық ем-дом шаралары жасалды. Жағдайлары тұрақты. Өмірлеріне төніп тұрған қауіп жоқ. Екі-үш күнде үйіне жіберіледі деп күтілуде», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Зардап шегуші Юлия Молдованның айтуынша, бұл жағдай осыдан екі күн бұрын болған.

«Келген бетте жағымсыз иістің барын сездім, үйде үлкен қызым бар еді, содан сұрасам бұл иістің пайда болғанына біраз болғанын айтты. Төтенше жағдайлар және полиция департаменттеріне хабарластым. Олар келе салысымен үйдің иесін тауып, шақыртқан болатын. Үйіне кіріп қарасақ расында да қандаланы улаймын деп есігін кілттеп, өздері басқа мекенжайға кетіп қалған. Неге көршілерді ескертпедіңіз десе, не үшін ескертуім керек деп жеңістік бермеді. Алғашында ауаны тазарту үшін балкондағы терезені ашып бір тәулікке қалдырған еді. Ал кеше үйге келсем тағы да терезені жауып кеткен, қайтадан жағымсыз иісті сезіндік. Құсқымыз келіп, басымыз айналды, қыздарымның жағдайы бірден нашарлай түскенін байқадым, үйде отыру мүмкін болмаған соң жедел жәрдем станциясына хабарластым. Осылай балалар ауруханасынан бір-ақ шықтық. Екі күн болды, қажетті медициналық көмегін алып жатыр. Дәрігерлерге алғысым шексіз, күндіз-түні қасымызда. Енді көршімнің үстінен шағым түсіремін, тиісті жазасын алсын», - деді ол.

Айта кету керек, жыл басынан бері қандаланы улау кезінде көрші пәтер тұрғындарының химиялық заттан улану бойынша бұл екінші оқиға.

Ал өткен жылы осындай дерек бойынша жедел жәрдем қызметіне тұрғындар 13 рет телефон шалған. Өкінішке орай, мұндай оқиғалардан көз жұмғандар да болды, араларында кәмелеттік жасқа толмаған және ересектер де бар.

Хабар 24 телеарнасы