377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында ірі жол апаты болды

  • 103
  • UPD: 22:25, 13.02.2020

Нұр-Сұлтан мен Теміртау арасындағы автобанда ірі жол апаты болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақ түтек боранның салдарынан 15 көлік соқтығысқан. Оның 5-уі жүк көлігі болса, қалғаны жеңіл машина. Қанша адамның нақты зардап шеккені қазір анықталып жатыр. Ал жарақат алған 2 адам бірден жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Айта кету керек, күн райына байланысты кешкі сағат 4-те бұл бағытта барлық көліктерге жол жабылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы