431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда қар тазалаушы техника ағаштарды зақымдады

  • 200
  • UPD: 16:18, 14.02.2020

Қарағанды көшелерінде қар тазалап жүрген ауыр техникалар ағаштарды зақымдаған. Осылай деп дабыл қаққан экологтар мәселеге жергілікті билік пен құқық қорғау органдарының араласуын сұрайды.

Әзірге бұл үшін бірде-бір мекеме жауапқа тартылмаған. Себебі жасыл желекті заңсыз шапқандарға айыппұл салынғанымен ағашты зақымдағандарға ешқандай жаза қарастырылмаған.

Табиғат жанашырларының айтуынша, қабығы қырқылған өсімдік ауруға шалдығып, солып қалуы әбден мүмкін. 

Дмитрий Калмыков, Қарағанды экомузейінің директоры:

- Біздің есебіміз бойынша, биыл зақымданған ағаштар өте көп. Менің ойымша, коммуналдық қызмет басшылары техника тізгінінде отыратын жұмыскерлерге әрдайым нұсқау жүргізіп отыруы керек. Сондай-ақ үлкен техника емес, көшелерді шағын тракторлармен тазалаған дұрыс. Сонда ағаш та қирамайды, жол жиегіндегі плиталар да сынбайды. Ең бастысы, заң тұрғысынан талап болуы қажет.

Хабар 24 телеарнасы