14 ақпан күні сағат 10 шамасында Нұр-Сұлтан – Теміртау автожолының елорда бағытында жол апаты болды, деп хабарлады Қарағанды облысы полиция Департаментінің баспасөз қызметі.
«Фотон» автокөлігі екі жүк көлігінің ортасында қалған. Нәтижесінде «Фотон» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Оқиға орнында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның 13 арнайы техникасы жұмылдырылған.
«Республика бойынша 776 техника жұмылдырылған. Барлық сұрақтарыңыз бойынша 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласуларыңызға болады. Жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықты асырмау, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы ескертіледі. Сонымен қатар сапарға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береміз», - деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.