375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

  • 105
  • UPD: 15:40, 15.02.2020
Ақтөбеде жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

Ақтөбеде автобус пен такси көлігі соқтығысып, салдарынан 26 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жол көлік оқиғасы бүгін таңертең көлік қозғалысы қарқынды көшелердің қиылысында болған. Нәтижесінде, 37-ші бағыт бойынша жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көлік аударылған. Автобус ішінде болған 19 ер және 7 әйел адам, жедел жәрдем көмегімен ауруханаға жеткізілді.

«Адам шығыны жоқ, жолаушылар әртүрлі деңгейде дене жарақатын алған. Медициналық көмек көрсетіліп жатыр», – дейді полиция қызметкерлері. Олар барлық көлік жүргізушілеріне тайғақ жолда сақтық шараларын сақтап, жылдамдықты асырмауын ескертеді. Ал жол-көлік оқиғасына қатысты қазір тергеу амалдары басталған.

Хабар 24 телеарнасы