425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда көлік қаққан 9 жасар қыз ауруханада көз жұмды

  • 412
  • UPD: 12:05, 17.02.2020
Қостанайда көлік қаққан 9 жасар қыз ауруханада көз жұмды inform.kz

Жаяу жүргіншілер жолағында көлік қағып кеткен 9 жасар қыз көз жұмды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Денсаулық сақтау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 жасар қыз ауыр халде жеткізілген.

«Ол 5 күн жансақтау бөлімінде жатып, ес жимаған күйінде жан тапсырды. Анасы әлі қалалық ауруханада ауыр халде жатыр», - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, 12 ақпанда Қостанайдағы КСК шағын ауданында ана мен баласын көлік қағып кеткен болатын.

Хабар 24 телеарнасы