431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда 10 жасар қызды қаққан жүргізушіге үкім шықты

  • 225
Оралда 10 жасар қызды қаққан жүргізушіге үкім шықты

Оралда 10 жастағы қызды қағып кеткен көлік жүргізушісі Валерий Петрунин 2 жыл 6 айға сотталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы оқиға қараша айының 20-ы күні кешкі 9-дар шамасында болған. Жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан Айару Ермекті «Ауди» көлігі қатты жылдамдықпен қағып өткен. Бүлдіршін сол жерде көз жұмды. Ал оқиға орнынан бой тасалаған күдікті келесі күні қолға түсті. Осы істі қараған судья қала әкімінің атына жеке қаулы шығарды. Заң өкілдері жол апатының басты себебінің бірі – жаяу жүргіншілер жолағының жарықтандырылмауы деп санайды.

Мағира Қитарова, қалалық соттың судьясы:

– Сот процесі барысында жаяу жүргіншілер жолағының жарықтандырылмағаны, бейне бақылау құралдарының болмағаны анықталды. Аумақтық өкілетті мекемелер жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын тиісті деңгейде атқармай келеді. Сол себепті қала әкімінің атына жеке қаулы шығарылды. Олар бір ай ішінде тиісті шаралар қабылдап, жауап беруі керек.

Асылхан Қазиев, жәбірленуші:

– Мен кешірім бердім. Кешірім берген себебім – олардың да бір жарым айлық балалары бар. Өзім қызымнан айрылған соң, бала туралы әңгімеге жаным қатты ашиды. Сол сәбилері үшін де кешірдік. Тағы бір отбасы қиналмасын деп.

Хабар 24 телеарнасы