421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аршалы маңында жолаушылар пойызы 11 жылқыны басып кетті

  • 1258
  • UPD: 14:18, 18.02.2020
Аршалы маңында жолаушылар пойызы 11 жылқыны басып кетті

Петропавл – Қызылорда бағытындағы жолаушылар пойызы түнде Аршалы – Анар аралығында келе жатып 11 бас жылқыны қағып кетті, деп хабарлады polisia.kz.

«Қазір аталған факті бойынша әкімшілік іс қозғалып, жылқылардың иесін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жүрізілуде. Теміржол – аса қауіпті аймақ. Осыған орай, көлік полициясы қараусыз қалған малдардың пойыздар қозғалысына қауіп төндіретінін тағы да ескертеді. Азаматтар үй жануарларын жаю ережелерін мүлтіксіз сақтауы және теміржол маңында олардың жүруіне жол бермеулері тиіс», - делінген хабарламада.

Жыл басынан бері пойыздарды шұғыл тежеудің 214 фактісі тіркелген, олардың 130-дан астамы теміржол үстіне малдардың шығып кетуімен байланысты болған.

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері барлық фактілер бойынша мал иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін оларды анықтау шараларын жүргізуде.

Бүгінгі күні теміржол бойында мал жайған 70-тен аса тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды. Мәселен, ағымдағы жылдың 16 ақпанында сағат 01:38-де Нұр-Сұлтан станциясындағы Желілік полиция басқармасына Торғай – Селеті аралығында жүк пойызының машинисті теміржолда үй жануарының жүруіне байланысты шұғыл тежеуді қолданғаны туралы хабарлама келіп түскен. Соған қарамастан пойыз 3 жылқыны қағып кеткен.

Хабар 24 телеарнасы