427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «КамАЗ» көлігі жолаушылар автобусына соғылды

  • 542
  • UPD: 15:21, 18.02.2020
Елордада «КамАЗ» көлігі жолаушылар автобусына соғылды

Елордада «КамАЗ» автокөлігі 30 жолаушысы бар маршруттық автобусты соқты, деп хабарлады ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«18 ақпан күні таңғы сағат 08:30-да Р.Қошқарбаев көшесі мен Абылайхан даңғылының қиылысында «КамАЗ» автокөлігінің 54 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, №22 маршруттық автобусқа соғылды. Р.Қошқарбаев көшесі арқылы Ш.Құдайбердіұлы көшесіне бара жатқан автобус қатты соққыдан қарсы жолаққа шығып кетіп, Төлебаев көшесіне бара жатқан Skoda Rapid көлігімен соқтығысқан», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Апат салдарынан «Skoda Rapid» көлігінің 63 жастағы жолаушысы қалалық ауруханаға жеткізілді. №22 автобуста шамамен 30 жолаушы болды. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. «КамАЗ» жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБК 610-бабына сәйкес, әкімшілік хаттама толтырылды. Тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы